Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

21 Тамыз 2019 11:11
Ақпараттық цифрландыру саласы дамыған сайын, «Nur Otan» партиясының қызметін қайта қарау, заманға сай модернизациялау шаралары күтіп тұр. Елордада Елбасы, «Nur Otan» партиясы төрағасы Нұрсұлтан Назарабаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және партияның барлық жетекшілерінің қатысуымен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
21 Тамыз 2019 10:47
Алматының Медеу ауданына қарасты МКҚК "№ 116 бөбекжай-балабақшасы" мектеп жасына дейінгі балаларда моториканы дамыту үшін «киіз басу»,«Жүн өңдеу» технологиясын ұсынды. Бұл туралы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы 4k моделін жүзеге асыру жағдайындағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы Алматы қаласы мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің форумында мәлім болды.
20 Тамыз 2019 19:12
Статистика жөніндегі комитеттің мәліметінше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының инфляциясы жылдың басынан бері – 7,9 % өсті. Ал шілде айының басынан бері – айтарлықтай өзгеріс байқалмады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның азық-түлік тауарлары өндірісінің көлемі туралы мәлімет берді.
20 Тамыз 2019 16:38
Мәжілістің депутаттары өңірлерді аралап, аймақтардың өнеркәсіптік орындары мен инфрақұрылымымен танысты. Мәселен, Мәжіліс депутаты Марат Бопазов Жамбыл облысына сапары барысында Тараз қаласындағы кондитерлік фабрика жұмысымен танысты.
20 Тамыз 2019 14:36
2019 жылдың басынан бері инфляция 4,6 пайыз дәліз шегінде болып тұр. Ал, жылдық инфляция 5,4 деңгейін сақтады. 2018 жылдың шілдесіндегі дерек бойынша ол 5,8 пайызды құраған болатын. Негізінен, азық-түлік тауарлары инфляцияның өсуіне ең көп әсер етеді. Төмендегі материалда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қадағалау және бақылау шаралары туралы мәліметтер.
20 Тамыз 2019 12:09
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің қазіргі нәтижелері мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, «Астана» ХҚО туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгертулер таныстырлды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
20 Тамыз 2019 10:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
19 Тамыз 2019 18:26
Әлемнің отыздан астам елінде ақылы автожолдар бар. Оған жиналатын қаржы жолды күтіп ұстауға, жол бойындағы инфрақұрлымды жетілдіруге, жұмыс істеуіне жұмсалады. Жол құрлысы мен оны күтіп ұстауға көп шығын кететіндіктен және еліміздің бюджетінен кететін мол шығынды азайту мақсатында ақылы автомобиль жолдары енізілген болатын.
19 Тамыз 2019 16:28
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі - 5 жылға, ауыл шаруашылығына 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді.
19 Тамыз 2019 14:30
2019 жылдың тамызына дейінгі көрсеткіш бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 триллион теңгені құрапты. Сөйтіп оның өсімі 8 пайызға артқан. Сондай-ақ, биылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшарының салымы 8 миллион теңгеден асқан жағдайда жеке басқарушыларға кетуге рұқсат етіледі. Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысындағы «Бір терезе» қағидаты, жинақтарын қандай да бір себеппен ала аламаған азаматтар үшін салымдарын алу жолдары туралы төмендегі материалда.