Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

21 Тамыз 2019 11:11
«Nur Otan» партиясының қызметі заманға сай модернизацияланады

Саяси кеңесті ашқан партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі үш мәселені атады.

«Бүгін біздің еліміздің дамыуының мәселелері туралы біраз мәселелерді қарайтын боламыз. Биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Екі съезд өткіздік және партиямыздың жиырма жылдығы атап өтілді. Маусым айындағы президенттік сайлауда партиямыз ұсынған кандидат  Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Халық біздің атқарып жатқан шараларымызды көріп отыр. Өмір өзгерген сайын, халықаралық тәжірбие көрсеткендей партияның қызметін қайта қарауға тиіспіз» - деді «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі күн тәртібінде үш мәселе тұр. Оның біріншісі - партияның сайлауалды бағдарламасының және  съездеріміздегі шешімдерді жүзеге асыру туралы, екіншісі - партияны қайта қараудың негізгі бағыттары, үшінші  Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу», - деді партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Премьер-министрі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асқар Мамин Қазақстандағы әлеуметтік шараларды жүзеге асыру барысы туралы баяндап берді.

 «Nur Otan партиясы – Қазақстанда жүргізіліп жатқан кең ауқымды, саяси әрі әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырып жүрген беделді партия. Аталмыш саяси ұйым – әрқашан  халықтың мәселелерін оңтайлы шешіп, тиімді жұмыстар мен шаралар атқарып келеді. Алдағы ортақы мүддеміз – халқымыздың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық әлеуетін жақсартуға, еліміздегі тұрақтылықты сақтау. Партия басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруды мақсат етеміз. Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, осы жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек беріле бастады және оның көлемі артты. Сондай-ақ, шілдеден бастап бала кезінен мүгедек балаларды бағу үшін мемлекеттік жәрдемақының көлемі ұлғайған болатын. Ал,маусым айының бірінен бастап жалақысы аз бюджет қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға дейін көтеріліп, жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға көбейген. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Тұрғын үй жинақ банкі арқылы аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген несие беру қола алынып, 2019 жылдың шілдесінен бастап іске қосылған. Енді оған үш жылда 50 миллиард теңгеден бөлінетін болады», - деді Асқар Мамин.

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы басталмай тұрып, Алматы облысы «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев партияның жұмыстары жаңа белеске шығатыны, партия мүшелеріне қатысты нақты жобалар туралы баяндап берді.

«Бүгінгі шарада партияның жаңғырту жұмыстары қаралады. Біз Елбасымыздың тапсырмасы бойынша халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналып, қарапайым халықпен етене жұмыс жасауды жүйелі жолға қоя білуіміз керек. Олардың мүддесінен шығып, партия жұмысын жаңа бағытқа бағыттай отырып, жаңа белеске шығаруды қарастырмазы. Өздеріңіз білетіндей кез-келген партияның негізін құрайтын, ол – бастауыш партия ұйымдары. Сол бастауыш партия ұйымдарында біздің мүшелеріміздің бәрі  халықпен тікелей жұмыс жасайды. Біз сонымен қатар, қарапайым халықтың құқықтарын қорғауды басты орынға қоямыз және оны барынша жан-жақты іске асыруға тырысамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиямен біріге отырып атқаратын іс-әрекеттеріміз бар. Өйткені сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою мүмкіндігі болмаса да алдын-алу шараларын жүзеге асырамыз. Партияның қоғамдық қабылдауларында бүкіл шешілмеген мәселелері бойынша тұрғындар жүгініп, мәселелеріне билікті назар аударта алады. Партияның жарғысына, заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ықпал ете аламыз. Халықтың жағдайын жасап, әлеуметтік мәселелерін шешуге барлық ресурстарымызды іске қосамыз. Қазіргі таңда біздегі өзекті мәселе – жастар жұмыссыздығы, баспанасы және олардың құқықтары. Себебі елімізде биыл жастар жылы, сонымен қатар жастар ел болашағы дейміз. Бүгінгі күнде жастар мәселесіне басты назарымызды аударып отырмыз. Жастармен жұмысты күшейтетін боламыз», - деді «Nur Otan» партиясының Алматы облыстың филиалы төрағасының орынбасары.

Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, бұдан былай партияның әрбір мүшесі халыққа мемлекеттік бағдарламалары туралы түсіндіріп бере алатын ақпарат көзі болуы тиіс.

«Осы уақытқа дейін партияда белсенді мүшелері және тек қана мүшелікке кіргеннен басқа шараларға атсалысып, белсенділік танытпайтын мүшелері де болды. Қазіргі уақытта олардың бәрін белсенді топқа кірістіруді қарастыратын боламыз. Осы кезге дейін де бұл мәселені алға тартып, бірқатар шараларды іске асырған едік. Енді оны әрі қарай қолға алатын боламыз. Өмір бір орында тұрмайтындықтан, жаңа жағдайға бейімделіп, жаһандану заманында, ақпараттар тез тарайтын, интернеттің дамыған заманында оперативті жұмыс істеуге бейімделуге тиіспіз. Қазір ешқандай ақпаратты жасыра алмаймыз, әлеуметтік желілер, интернет бар дегендей. Қазіргі уақытта кім бірінші ақпарат берсе сол халықтың мүддесінен шығып отыр. Сондықтан әрбір партия жұмысы ақпараттық жұмыстармен айналысып, халыққа түсінідіру жұмыстарына атсалысып, мемлекеттік бағдарламалар туралы қазақстандықтарға жеткізіп отыруы керек. Біз осы бағытты қолға аламыз», - деді ол.

«Болашақ» қауымдастығының жетекшісі Лауар Демесінова партияның іс-әрекеттері қайта ретке келтіріп, заманға сай модернизациялау жұмыстары іске асатындығын айтады.

«Қазіргі таңда  «Nur Otan» партиясының ережелері мен жарғыларын, осы уақытқа дейін іске асырып келген іс-шараларын қайта ретке келтіріп, заманға сай модернизациялау шаралары күтіп тұр. Біз «Болашақ» қауымдастығы және «Болашақ» түлектері Елбасының бастамасын әрдайым қолдаймыз. Қолдан келгенше біздің тарапымыздан үлес қосуға тырысамыз. Халықпен жылдам байланысқа шығуға мүмкіндік беретін ақпараттық цифрландыру шаралары іске асатын болады. Қазақстан бойынша байланыс кабинеттері ашылып,  партияның жобалық іс-шаралары жақсы дамуы тиіс. Осының бәрі замнауи, заманға сай болмақ», - деді «Болашақ» қауымдастығының жетекшісі Лаура Демесінова

Айдана Абдрахманова

Фото: Бауыржан Жуасбаев