Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

11 Желтоқсан 2019 11:22
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту қандай деңгейде

Шараның діттеген мақсаты жаңа жағдайда жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің,бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Индустрияландыру бағдарламалары  жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік бергенін айтты.

"Тек 2015-2019 жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіпте жалпы сомасы 19,6 млрд. теңгеге 21 инвестициялық жоба іске асырылды, тұрақты жұмыс орны құрылды. 2014 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 57% процентке артты негізгі капиталға инвестициялар 41% процентке артты",-деді Р.Скляр.

Сонымен қатар, ол өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға экспортты еңбек өнімділігін арттыруға негізгі капиталға инвестицияларды ұлғайтуға және энергия сыйымдылығын төмендетуге бағытталған 2025 жылға дейінгі келесі орта мерзімді кезеңге арналған бағдарлама бар екенін айтты.

"Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бойынша бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырудамыз. Тұтынушыға ең жақын экономиканың бір саласы бола отырып жеңіл өнеркәсіп қарқынды даму үшін барлық мүмкіндіктерге ие және бұл үшін барлық алғышарттар жасалған",-деді ол.

Сонымен қатар, Р.Скляр оң өзгерістер туралы айтып өтті.

"Елбасының тапсырысы бойынша «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға 600 млрд. теңге бөлінді бұл ең алдымен осы саланың кәсіпорындары. Үкіметтің отырысында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2019-2021 жылдар жылдарға арналған  жол картасы бекітілді  онда өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау мен дамытуға бағытталған бірқатар тиімді шаралар қарастырылған (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға шикізат беру тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес қазақстандық қамту үлесін арттыру саланың дамуын жүйелі түрде ынталандыру жөніндегі жобалар және басқа да бірқатар шаралар)",-деді ол. 

Алайда ол оң өзгерістерге қарамастан отандық жеңіл өнеркәсіптің алдында бірқатар күрделі міндеттер тұрғанын атады. 

"Өндірісті жаңғырту Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру,ішкі және сыртқы нарықтардағы инновациялық тауарлардың үлесін арттыру. Бұл біздің ортақ міндеттеріміз және бізге оларды  ортақтаса отырып жақын арада шешуге тура келеді",-деді ол.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жеңіл өнеркәсіп ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

"Елбасының Индустрияландыру бағдарламасына сәйкес,көптеген жаңа кәсіпорындар ашылды. Президенттің шағын және орта бизнесті қолдауының нәтижесінде жаңа өндірістер аяққа тұрып жатыр. Жеңіл өнеркәсіп саласын әлі де дамыта түсуіміз керек. Бүгін осы алаңда айтылған барлық ұсыныс,пікірлер бойынша жұмыс істейтін боламыз",-деді А.Көлгінов. 

Сонымен қатар, "Атамекен" ҰҚП төрағасы Абылай Мырзахметов сандарға тоқталып өтті. 

"Жалпы,бұл жерде шағын бизнес дамып жатқанын атап өту керек. саланың үлесі соңғы жылдары әлдеқайда артты.2017-2018 жылдары 100 млрд теңгені құрады.9 мыңнан астам адам осы салада жұмыс істеп жатыр. Экспорт көлемі 2018 жылы 30 млн долларды құрап отыр. Оның ішінде Өзбекстан,Қытай сынды елдер бар",-деді ол.

ҚР Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі мен "Qaz Textile Industry” Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі" арасында меморандумға қол қойылды. 

Айта кетейік, қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 1016 кәсіпорын жұмыс істейді.Оның 12-сі ірі кәсіпорын болса,26 орта және 978 -шағын кәсіпорындар,яғни орта және шағын бизнес 98,7 пайызды құрайды. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда 12,9 мың адам қызмет етеді.

Саланың дамуы соңғы бес жылда сала ішіндегі кооперация үшін бірлестіктердің түрлі нысандарын қолданатын өндірушілердің өздерінің белсенді ұстанымдарымен байланысты.

2016 жылы қазіргі Қазақстанда тұңғыш рет мемлекет пен бизнестің әріптестік қатынастарыныңжаңа үлгісі құрылды.Жеңіл өнеркәсіптің56 отандық кәсіпорны "Жасампаз" консорциумын құрды. Ұзақмерзімді әріптестіктің арқасында консорциум кәсіпорындары 11 жоба бойынша 5,4 млрд теңге инвестициялады және 3 жыл ішінде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріндегі жергілікті қамту үлесін нөлден 60 пайызға дейін арттырды.

Аягөз Құрмаш