Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

11 Желтоқсан 2019 10:16
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастың тереңдей түскенін айтты.

"Осы жылы Қытайға Елбасы да,Президент те барды. Соңғы кездесуде мәңгі стратегиялық әріптестік орнатылды. Елбасыға Достық ордені табысталды. Бұл В.Путиннен кейін алып отырған екінші тұлға. Қазақстанның Шанхайдағы екінші Экспоға қатысуы сәтті өтті. Онда 160 млн доллар көлемінде келісімшарттар орнатылды. Бұл Қазақстанның Қытайға азық-түлік нарығына жолын аша түсті. Сонымен қатар,екі елдің арасындағы сауда айналымы 20 млн долларға жетті",-деді Ч.Сяо.

Сондай-ақ, елші мырза одан басқа да маңызды индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Бұл жетістіктердің барлығы екіжақты тұрақты жұмыстың нәтижесінде болып отыр",-деді ол.

Чжан Сяо Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасының 16-сы биыл жүзеге асырылғанын айтты.  

"Келесі жылы жоспар бойынша тағы 5-6 жоба жүзеге асырылады. Ең маңызды жобаның бірі ол-Шыны зауыты. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінен кейін алғашқы шыны зауыты екенін атап өту керек",-деді ол.

Сонымен қатар, елші мырза әлемдегі геосаяси мәселелер туралы да айтып берді.

"Бұл митинг, наразылық шаралары, түрлі негатив пікір қазіргі геосаяси жағдайдың фонында болып жатыр. Сондықтан бұл сұраққа жауапты қазіргі геосаяси жағдаймен байланыстыра отырып жауап беруге болады. Мысалға, неліктен Таяу Шығыстағы ахуал күрделеніп кетті? Неліктен Боливияда аяқ астынан билік ауысты? Неге жарты жыл бойы Сянганда болып жатқан тәртіпсіздіктер басылудың орнына ушығып, экстремистік актілерге ұласып кетті. Сырттай қарағанда бұлар бөлек-бөлек оқиға болып көрінуі мүмкін. Бірақ біреулер геосаяси құйтырқы мақсатпен әлем бойынша "құмалақ шашуды" көздейді. Біздің жағдай да сондай. Екі ел (Қазақстан мен Қытай - авт.) арасындағы қарқынды әрі тұрақты дамып келе жатқан қатынас ешкімге кедергі келтірмеуі керек қой. Бірақ бір адамдарға бұл жағдай ұнамай қалып, ашу туғызды. Сондықтан олар аяқтан шалуға тырысып бағады. Қытайды осыдан 10-15 жыл бұрын "Қытай тек Қазақстанның ресурстарына көз тігіп отыр" деген айып тағылды. Қытай ел экономикасын индустрияландыруға, өңдеу өнеркәсібіне және т.б. қаржы құймайды деген айып болды",-деді ол.

Сондай-ақ, ол бүгінде "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасын қарқынды дамытып, 55 жобаны сәтті іске асырып жатқанда "Қытай ескі нысандар арқылы экологияны ластауды, кейін халқын көшіріп әкелуді, тіпті территорияны алуды көздеп отыр" деген қауесет таратқанын атап өтті.

"Мұндай пікірлердің авторына "Сенің бұрын және қазір істеп жатқаныңның еш маңызы жоқ, сен сол кезде дұрыс сөйлемедің және қазір де дұрыс емес, бәріне сен кінәлісің" деймін. Өздері осы уақытқа дейін бір зауыт тұрғызбады, көпір салмады, бірақ отырып алып, өзгенің әрекетіне араласып отыр. Барлық жерде мораль туралы айтады. Бұл екіжүзділік емес пе? Бұл әлі барлығы емес. Бұдан бөлек олар Шыңжанда тұратын этникалық қазақтарды пайдаланып, ұлтаралық қақтығыс туғызбақшы. Біз Президенттің өткен аптадағы сұхбатын көрдік. Ол нақты жауап берді. Шыңжанда тұратын қазақтар - ҚХР азаматтары. Олар ҚХР заңнамасы аясында өмір сүріп жатыр. Бұл адамдар Шыңжандағы тұрғындардың құқығын ойлап жатыр деген иллюзия болмайтын шығар деп ойлаймын. Шындығында, осы әңгімелерді пайдалану - астыртын тактика. Олар кез келген уақытта қазақтар мен орыстар, ұйғырлар, өзбектер, тәжіктер арасындағы қарым-қатынасты құртуға тырысуы мүмкін. Ұзын тізбек қой. Сондықтан, абай болуымыз керек", - деді елші Чжан Сяо.

Аягөз Құрмаш