Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы АҚПАРАТ

Қоғамның барлық саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және болғызбау, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенімінің деңгейін көтеру, қоғам мен билік арасындағы диалогты кеңейту мен тереңдету мақсатында, облыста ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кең мөлшерлі жұмыс өткізіліп жатыр.«Жастар- Жастарға» атты ақпараттық-насихаттық, мәдени керуені аясында Нұра және Осакаров, Ақтоғай , Шет, Ұлытау аудандарында, Жезқазған және Сатпаев қалаларында  кездесулер өткізіліп,  Мемлекеттік Жастар саясаты жайында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жастар ұйымдары мен Қарағанды ЖОО студенттерінің қатысуымен Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінде  2 интерактивті жиналыс ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері Қазақстан халқына Елбасымыздың жолдауы бойынша, мемлекеттік бағдарламалар және  Мемлекеттік Жастар саясатының негізгі бағыттарын кеңінен насихаттау, егже- тегжейлі түсіндіру мақсатында қарағандылық ЖОО студент жастарымен, профессорлық- оқытушылық құрамымен 3 кездесулер өткізілді, .
«Сенім телефоны» қызметіне, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен хабарламалары үшін пошталық жәшікке  азаматтардан Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын мемлекеттікқызметшілердің бұзуы фактілері туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.
Қарағанды облысы жастар саясаты жөніндегі басқарма ұйымдастыруымен (Бұдан кейін Басқарма) Жастар Кеңесінің  кезекті 4 отырысы өтті. Кеңес құрамына барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қоғамдық ұйымдарының, саяси партиялардың жастар қанатының көшбасшыларының қатарынан 60% жастар кірді.
«Еркін пікір» талас-тартыс жастар үйірмесі жобасының аясында Қарағанды облысының белсенді азаматтарымен, мемлекеттік қызметтегілермен жастар арасында кездесулер өтті.
Мемлекеттік сатып алу үрдістерін өткізудің тазалығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес аталған үрдістер республикалық web-портал арқылы өткізіледі.
Басқарма жоспарына сәйкес «ашық есік күндері» 2015 жылдың 21 мамырда өткізілді. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, электронды БАҚ-да хабарлама жарияланды.
Жыл сайын «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен облыстың жоғары оқу орындарында студенттік жастар және жастар ұйымдарының арасында «Студент-против коррупции в ВУЗах» акциялар өтеді.
Жоғары Білім оқу мекемелердің саласында сыбайлас жемқорлық қылмасыты болғызбау бойынша «Парасыз сессия» атты алдын алу кампания ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айына көзделген облыстың жоғары оқу орындары, кәсіби мектептер мен колледжтер студенттер арасындағы «Таза сессия» атты кең мөлшерлі акция, оның ішінде социялогиялық сұраулар, кездесулер, сұхбаттар, конкурстар жүргізілуімен, осы жұмыстың жалғасы болады.
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасының және Жастар қоғамдық ұйымдардың бастамашылдығымен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша іс-шаралар аясында жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады.