Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Жаңалықтар

18.04.2019
«Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты байқау

«Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа шағын жинақталған мектептердің оқушыларымен мұғалімдері де қатысты. Байқау мектептің мәжіліс залында өткізілуіне орай  Сәкен Сейфулллиннің өмірімен шығармашылығына байланысты көрме ұйымдастырылды.

Байқауды өткізудегі жалпы мақсаты: Ақын шығармаларының өміршеңдігін көпшілікке таныту, оқырмандардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, қазақ халқының зиялыларының бірі Сәкен Сейфуллин жайлы оқушыларғамағлұмат беру,С.Сейфуллин есімін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» байқауы үш кезеңнен тұрады:

I - кезең «Жыр жарыс» С.Сейфуллиннің өлеңін мәнерлеп, жатқа айту.

II- ең «Арнау» Сәкен Сейфуллинге арнап өз шығармашылығынан өлеңді мәнерлеп оқу.

III- кезең «Жыр шашу» С.Сейфуллиннің бір әнін нақышына келтіріп орындау.

Сахнаға  аралас тілде және өз тілінде өлең жаттап, өз өнерін көрсетем деген өзге ұлт өкілдері шақырылды.Өзге ұлт өкілдері мен өз тілінде өлең жаттаған сайыскерлер бөлек-бөлек бағаланды. Сайыскерлер асық таңдап алу арқылы реттік номері анықталды.

Әділ - қазылар алқасы байқаудың әділ бағасын жариялады.Әрине шешім қабылдау оңайға түскен жоқ. Себебі үміткерлердің барлығы да сайысқа белсене қатысты.

 Барлық жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 Осымен «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті. Сәкен –туған халқының ер ақыны, далада туған революция дауылпазы. Сәкеннің қалдырған мұрасы ешқашан өшпейді


Вернуться назад