Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Жаңалықтар

24.04.2019
Сәкен Сейфуллин оқулары

Бұқар жырау ауданы, «Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де сәуір айының 24-і күніоблыстық «Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында Сахара сұңқары – Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Сыршыл да сері Сәкен» атты Сәкен оқулары өткізілді.

Бұл іс-шарамыздың мақсаты – ұлы ақиық ақынның шығармашылығын болашақ ұрпақ бойына дарыту, шығармаларын түсініп оқуға жұмылдыру болатын.

Екі кезеңге бөлініп өткізілген бұл іс-шараның бірінші кезеңінде ауданымыздың мектептерінен келген оқушылар «Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым...» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу, «Сегіз қырлы, бір сырлы сері Сәкен» номинациясы бойынша ақынның прозалық шығармаларынан үзінді оқу, «Сәкеннің аманаты» номинациясы бойынша ақын өмірінен сахналық көрініс және оның әндерін орындау, «Атыңнан айналайын қайран Сәкен...» номинациясы бойынша Сәкеннің шығармаларына эссе жазу кезеңдері бойынша өз бақтарын сынады. Екінші кезеңінде жалпы мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген Сыршыл да сері Сәкен» атты әдеби іс-шара мәнді әрі мағыналы өтті. Оқушылар ақын өлеңдерінен, прозалық шығармаларынан үзінді оқып,  Сәкен әндерін нақышына келтіріп орындап шықты.  Ауданымыздың 18 мектебінен келген 48 оқушы қатысқан бұл іс-шара көптің көңілінен, әр тұлғаның жүрегінен орын теуіп, әсерлі әрі мазмұнды шықты. Сонымен қатар Қарағанды қаласындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің екінші курс студенттері ақын өлеңдерінен үзінді оқып, көптің көңілінен шыға білді.

 


Вернуться назад