Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Жаңалықтар

01.05.2019
Аудандық Абай оқулары

2019 жылы 30 сәуір күні  білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес және «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ботақара кенті жалпы білім беретін №1 қазақ тірек мектебінде Республикалық  ХХ Абай оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.          
     Байқау төрт номинациядан өтті; 
1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай және Шәкәрім
шығармаларын жатқа оқу.
2. «Көңілім әнді ұғады»- Абайдың әндері мен күйлерін орындау.
3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»- жас дарындар (өз
шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер )
4. «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.
Аудандық Абай оқуларына ауданымыздың 22 мектебінен 67 оқушы
қатысып, бақтарын сынады.
       Байқау қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімімен Ленин орта мектебінің 5 сынып оқушысы Л. Попова,  Қ.Боранбаев атындағы негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Ү. Төлеуова және Петровка орта мектебінің 7 сынып оқушылары И.Хавдуллин, А. Хавдуллин облыстық кезеңде  ауданымыздың намысын қорғайтын болады. 


Вернуться назад