Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Жаңалықтар

22.05.2019
XIX аудандық ғылыми – практикалық конференция

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 17 мамыр күні Байқадам орта мектебінде XIX аудандық  ғылыми – практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми зерттеушілік, зияткерлік шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту.

           Конференцияға ауданымыздың 49 мектебінің 114 оқушысы қатысты. Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар дайындап, сайыстарға қатысуы - білім сапасын, шәкірттердің өнер- білімге деген құштарлығын айқындайтын маңызды шара болып табылады.

           Жобада 4 бағыт бойынша жұмыстар қорғалды. XIX аудандық  ғылыми – практикалық конференция салтанатты  түрде басталып, соңында марапатталынды. Алғы сөз  мектеп директоры Р.Т.Жумагуловаға және  аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Б.Т.Туртбаеваға  берілді.

Конференция  шарты бойынша оқушылар өздерін қызықтырған кез-келген тақырыпта ой қозғай алды. Соңында жеңімпаз деп танылған оқушылар республикалық ғылыми – практикалық конференциясының  облыстық кезеңіне жолдама алды.

 


Вернуться назад