Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Жаңалықтар

27.05.2019
Шуақты жаз-2019

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 22 мамыр күні №1 ҚТ орта мектебінде «2019 жылғы жазғы уақытта балаларды сауықтыру демалысын және қауіпсіздігін ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс  өтті.

          Жиналысқа ауданымыздың білім бөлімі қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтай басқармасы, полиция басқармасы және ауданның 40 мектебінен 100 жуық тәрбие-ісі жөңіндегі меңгерушілер, әлеуметтік педагогтар, тәлімгерлер  қатысты.

Жиналыста келесі сұрақтар көтерілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

1.       2019 жылға арналған балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.  Білім бөлімі әдіскері Соян Айгерим

2.       Жазғы мектеп алаңына арналған санитарлы- эпидемиологиялық талаптар. Басшы м.а - Айжигитов Бақберген Сағымқожаевич

3.       Жазғы уақытта денсаулықты нығайтуды енгізу туралы ұсынымдар. (денсаулық бөлімі)

4.       Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар. Кәмілетке толмағандар ісі бойынша инспектор- Канина Виктория Николаевна

5.       Жазғы уақытта оқушылардың суат басында  және өрт қауіпсіздігі бойынша ұсынымдар. Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Интуев Нұрмұхамед Серикович.


Вернуться назад