Главная страница Сайттың картасы Көзі нашар көретіндер үшін

Жаңалықтар

14.06.2019
«Көңілді жаз -2019»

Жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастыру балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын қамтамасыз етуге арналған қажетті жағдайды жасауға, оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға, кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтын алдын алуға бағытталған.

       Осыған орай,  жазғы мектеп жанындағы  39 мектепте лагерь жұмысы ұйымдастырылды.Қазіргі таңда мектеп жанындағы лагерлер өз жұмыстарын атқарып жатыр.

      Мектеп жанындағы жазғы лагерь  «Жасөспірім және Жаз» байқауы аясында 11.06.2019 күні сағат 10:00 де Ботақара ОМ  ұйымдастырылған «Көңілді мәре» атты спорттық ойындармен бастау алды. Жалпы іс-шараға 6 мектеп  қатысты. Атап айтсақ, Алғабас ОМ, Қ.Сатпаев атындағы НМ,Ю.Гагарин атындағы ОМ, № 1 қазақ тірек мектебі, Қ.Боранбаев атындағы НМ және Ботақара  НМ. Спорттық ойынға  мектеп оқушылары жоғары дайындықпен келген.Жарыс 6 кезеңнен тұрды.Әр команда өз топтарын төсбелгілерімен және ұрандарымен таныстырып өтті.Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Жарыста ерекше  көзге түсіп 3 орынды  Алғабас орта мектебінен келген «Ұшқын» тобы  ал ,2 орынды Қ.Сатпаев атындағы негізгі  мектебінен келген «Күншуақ» тобы иеленсе , 1 орынды  яғни, «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің кубогын Қ.Боранбаев атындағы негізгі мектеп өз қанжығаларына байлады.Ботақара негізгі мектебінің жарысты ұйымдастырудағы ерекшелігі «Балдаурен» кубогы болды. Сонымен қатар, бұл іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлеріде ат салысты. Яғни, жазғы сауықтыру лагері кезіндегі қауіпсіздік шараларын және суға жузу кезіндегі ережелерді қатаң сақтауды атап өтті.Жарыс Ботақара негізгі мектебінің директоры Аймағамбетов Серик Амантаевичтің және білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі  Туртбаева Бақтықыз Тұрсынбековнаның қортынды сөзімен аяқталды.

 


Вернуться назад