Главная страница Карта сайта Для слабовидящих

Наши достижения

Білім көкжиегіне ұмтылған  жас өрен
 


 

 


 

2012 жылдың 15-21 қаңтар аралығында Алматы қаласында физика, математика және информатика  пәндері бойынша VIII   Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.   Бұл олимпиадаға   18 мемлекеттен ( Ресей, Украина, Монголия, Нигерия, Түркіменстан, Румыния, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Армения, Әзербайжан, Ауғанстан т.б)  54 команда қатысты.  Қатысушылар саны-343. Осы VIII   Халықаралық Жәутіков олимпиадасына физика пәні бойынша Үштөбе орта мектебінің  11-сынып  оқушысы Исмаилов Қуат қатысып, тек қана    Үштөбе орта мектебінің ғана емес, Бұқар жырау ауданының намысын қорғады. Қуат ­аталған білім сайысына облысымыздағы ауыл мектептерінен физика пәні бойынша алғашқы қатысушы.
Куат олимпиада қорытындысы бойынша өте жақсы нәтиже көрсетті. Қола медаль алу мүмкіндігіне  Қуатқа  небәрі 0,85 ұпай  жетпей қалып, жеңімпаздарды марапаттау салтанатында сертификатқа ие болды. 
Қуат қазір математика пәні бойынша Алматы қаласында математика пәнінен  өтетін  Халықаралық ғылыми жобалар байқауына дайындық үстінде.
Физика, математика пәндерінен Қуаттың осындай халықаралық дәрежедегі білім  сайыстарына қатысуы ауыл мектептерінде білім алушылардың   білім сапасының жоғары деңгейде екенін, бәсекеге түсуге қабілетті екендігін көрсетеді.
 

Исмаилов Қуаттың 2011-2012 оқу жылындағы жетістіктері:
 


 

  1. Физика пәні бойынша Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпазы;
  2. Физика пәні бойынша Президенттік олимпиаданың  облыстық  кезеңінің жеңімпазы.
  3. Физика пәні бойынша Президенттік олимпиаданың Республикалық кезеңіне қатысып, сертификатқа ие болды;
  4. Математика пәні бойынша облыстық ғылыми жобалар байқауының ІІ орын иегері;
  5. Физика пәні бойынша аудандық пән олимпиадасының І орын иегері;

 

6. Физика пәні бойынша облыстық пән олимпиадасының ІІ орын иегері;
7. Физика пәні бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды. 
8. «Алтын белгі» белгісіне үміткер.
 

 
 

Орындаған АӘК әдіскері Н.Қ.Оспанова

Дата cоздания: 14 Мая 2018 17:47
Дата редактирования: 14 Мая 2018 17:49