Главная страница Карта сайта Для слабовидящих

КГУ «Ростовская опорная школа»

Ростовка ОМ директоры Н.М.Өмірбаев 
Өмірбаев Нүриден Марякұлы 1950 жылы Солоничка селосында туған. 1997жылдан бастап Ростовка орта мектебінде директор болып жұмыс істейді. Іскер басшы белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде 2000 жылы Республикадағы «Ең үздік ауыл мектебі» дәрежесіне дейін көтерді.  
Мектеп оқушылары жыл сайын ҰБТ-ге 100% қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Орташа ұпай 2012 жылы-80 балл, 2013 жылы 80 балл, 2014 жылы – 85 балл, 2015 году – 91 балл нәтиже көрсетті. Жыл сайын 100% түлектер Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен оқуға түседі. Мектеп 2003 жылдан бастап «Ресурстық орталық» инновациялық жобасы бойынша жұмыс істейді.  Нүриден Марякұлы басқаратын Ресурстық орталықтың директорлар кеңесі экспериментті жетістікпен жүзеге асыру үшін магниттік мектептермен бірге жемісті еңбек етіп келеді. 2004 жылдан бастап мектеп Республикалық  «12-жылдық оқытуды» байқау және енгізу бойынша республикалық эксперименттік бағытта білім беруді жүзеге асыра бастады. Нүриден Марякұлы оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыруға көп күш салды. Қазіргі уақытта педагогикалық ұжымның мақтанышы болатын нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр, ғылыми қоғам мүшелері облыстық, республикалық, ғылыми жарыстарға қатысуда. Атап айтқанда, 2013 жылы шағын орталық тәрбиеленушісі Серикова Аяулым республикалық «Зерде» зертханалық жобалар сайысында «Үш тілдің патшалығы» тақырыбымен  жүлделі екінші орынды иеленді. Нүриден Марякұлының тікелей басшылығымен 2005 жылдан бастап мектептің жертөлесінде «Сұңқар» әскери-спорттық сауықтыру кешені жұмыс істейді, мұнда күрес залы, тренажер,шахмат-шашки клубы, лыжы клубы, теннис, тир залдары бар. Клубтың құрамында 100-ге тарта оқушы  спортпен айналысып, әскери өнерді үйреніп, аудан, облыс, республика көлемінде жеңімпаз атанып келе жатыр. «Сұңқар» клубының тәрбиеленушілері жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі әскери-спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. 2010 жылы 20-25 шілдеде әскери-спорттық және патриоттық клубтар арасында Қарағанды қаласында өткен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Отан қорғаушы-2010» I-ші Республикалық Форумында  I-ші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. 
Нүриден Марякұлы Өмірбаев 2010 жылы ерен еңбегі үшін Қарағанды облысы әкімінің сыйақысының лауреаты атанып, 1000000 теңге сыйақы және Сертификат, естелік сыйлық пен дипломға ие болды. 2011 жылы Үкімет марапаты – «Құрмет» орденімен марапатталды. 
 
Нүриден Марякұлы бар күш-жігері мен денсаулығын аямастан барлық жоспарларын жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Мұның бәрін ол жеке мақсаттарға  жету үшін емес, балалар үшін және олардың жүрегінде мектеп, педагогикалық ұжым мен өзі туралы жарқын із қалдыру үшін жасайды.

Дата cоздания: 15 Мая 2018 09:06
Дата редактирования: 15 Мая 2018 13:15